Facebook әлеуметтік желісі хат алмасуға арналған Messenger-ге видеоқоңырау қызметін қосты. Сарапшылардың ойынша, бұл Apple-дың Face Time қызметін, Google Hangouts және қазіргі таңда Microsoft меншігіндегі әйгілі Skype-тың да орнын басуы әбден мүмкін.
Енді Facebook қолданушылары өзінің контактілеріндегі кез келген адаммен видео арқылы сөйлесе алады. Компания Messenger қызметінің байланыс сапасына тәуелсіз болады деп уәде берді. Яғни, әлсіз байланыстың өзінде қоңырау шалуға болады.
Facebook Messenger-ден барлық форматта хабар алмасуға мүмкіндік беретін азиялық Line және WeChat секілді қосымшалардың баламасын жасауға тырысуда дейді сарапшылар.
Қазіргі таңда Facebook-те видеобайланыс қызметін Бельгия, Ұлыбритания, Грекия, Дания, Ирландия, Канада, Лаос, Литва, Литва, Нигерия, Мексика, Норвегия, Оман, Польша, Португалия, АҚШ, Уругвай, Франция, Хорватия сынды елдерде iOS және Android платформаларында қолдана алады. Десе де, алдағы уақытта бұл тізімге өзге елдерді де қосатын болады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024