Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Facebook журналистер өмірін жеңілдетті

Facebook журналистер өмірін жеңілдетті

Facebook компаниясы журналистер мен БАҚ қызметкерлері үшін ақпаратты іздестіру жүйесін шығарды. Жаңа жоба Signal деп аталады. Ол Facebook және Instagram-дағы жаңалықтар мен танымал  тақырыптарды қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Бұл турлы  ТАСС хабарлады.

"Біз әлеуметтік желілерден алынған ақпарат туралы айтып отырмыз. Біздің желі ауқымы мен оған қамтылған ақпараттардың құндылығын ескере отырып, осындай материалдарға журналистердің қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдетуді мақсат етіп отырмыз,"- деді Энди Митчел Facebook-тің жаңалықтар бөлімі мен жаһандық бұқаралық ақпарат құралдарының бастығы.

Журналистер Signal жүйесі арқылы Facebook пен Instagram-да жарияланған, нақты уақытта болып жатқан оқиғалардың суреттерін, видеоматериалдарын және түсініктемелерін де ала алады. Жаңа жүйеге қол жеткізу үшін БАҚ қызметкерлері Facebook-ке өтініш жіберуі қажет.

Похожие материалы