Достар, уәде еткенімдей осында фин білім жүйесіне қатысты сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп отырмын. Сұрақтар өте көп болды, ол үшін сіздерге ерекше алғыс айтамын. Аз ғана ойланып ең маңызды деген сұрақтарға ғана жауап беремін деп шештім. Қалған сұрақтарға төменде келтірілген сілтемелер арқылы жауап таба аласыз. Ол жерлерде де фин білім жүйесінің ерекшеліктері туралы көп мағлұмат бар.
Кіріспе үшін
Халықаралық Валюта Қорының мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылда адам басына шаққандағы ЖІӨ: Финляндия – 41 973 АҚШ доллары, Қазақстан – 9 795 АҚШ доллары.
Білім министрлігінің бюджеті: Финляндия 7 млрд. еуро Қазақстан 960 млн. еуро
Мемлекеттік бюджеттің білім беру ісіне жұмсалатын шығыны: Финляндия -13% Қазақстан – 5,9%
Адам басына шаққандағы білім жолына жұмасалатын шығын көлемі: Финляндия – 1 272 еуро бір адамға Қазақстан – 56 еуро бір адамға
Тілдік мәселе
Финлядияда екі мемлекеттік тіл бар – фин және швед тілдері. Финляндияда шведтер халықтың 5,7%-ын құрайды. Бірінші сыныпқа дейін барлық балалар өз ана тілдерінде оқиды. Фин халқы егер бала кішкентайынан ана тілін жетік меңгермесе, болашақта үлкен кедергіерге ұшырайды деп есептейді. Бірінші сыныпта немесе кейбір балабақшаларда шет тілімен ойын түрінде таныстырады. 3-сыныптан бастап оқушының немесе ата-ананың таңдауымен міндетті шет тілі енгізіледі (90%-ы ағылшын тілін таңдайды). 5-сыныптан бастап екінші мемлекеттік тіл швед тілін міндетті пән ретінде оқыта бастайды. 10 сыныпта төртінші тілді үйретеді, бірақ ол міндетті емес. Сонымен, әрбір бітіруші түлек фин, швед және тағы бір шет тілін меңгеріп шығады. Негізінде балалар 4 тілді меңгереді. Пәндер ана тілінде немесе өздері таңдаған тілде оқытылады.
Ал менің жеке ойым...
Меніңше, Қазақстанда 3-сыныпқа дейін қазақ тілін міндетті түрде оқыту керек. 3 сыныпта балалар шет тілін оқуы тиіс, бірақ оның ағылшын тілі болуы міндетті емес. 5 сыныптан бастап орыс тілін міндетті пән ретінде енгізу қажет. Ары қарай бала мен ата-ананың еркіне байланысты. Негізгі принцип, мектепті бітірген соң міндетті түрде үш тілді меңгеріп шығуы қажет. Бірақ барлық сабақтар қазақ тілінде жүргізілуі тиіс, болмаса қазақ тілі тұрмыстық тіл деңгейінде қалып қоюы мүмкін.
Діни мәселе
Финляндияда бастауыш сыныптардан бастап дінтану сабақтары өткізіледі. Діни киімдерге де ешқандай шектеу қойылмаған, атап айтқанда хиджабқа да. Мұсылман балаларға намаз оқуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, мен болған мектептерде оған арнайы бөлмелер болды.
Ал менің жеке ойым...
Хиджаб киюге тыйым салуды мен жабайылық деп есептер едім. Бұл біздің діншіл адамдардың сеніміне деген құрметсіздігіміз.
Гендерлік мәселе
Мектептегі ұстаздардың көпшілігі әйел адамдар. Ерлер 15%-дың айналасында. Бұл жерде де біздегідей балалар қыз және ұл деп бөлінеді. Бірақ ұл бала қыздардың киімін кигісі келсе, оны ешкім ұрсып қандай киім киюі қажет екенін түсіндіріп жатпайды. Қыздар да солай. Әжетханалары бөлек. Олар адам құқықтарына сыйластықпен қарайды. Қалғанының барлығы аңыз.
Ал менің жеке ойым...
Басқа адамдарға келгенде толерантты болуымыз қажет. Қытайлықтар айтпақшы «барлық гүл гүлдеуі қажет».
Әлеуметтік қызметтер
Әлеуметтік қызметтер ресейлік БАҚ таратқандай айуандық жасамайды. Егер баланың отбасында қиындықтар туындаса, бірден комиссия құрылады. Егер бұл қаржының жеткіліксіздігінен болса, әлеуметтік жәрдемақы бөлінеді. Ал ата-анасының маскүнемдігінен болса, дәрігерлер мен психологтар іске кіріседі. Егер тұрмыстық зомбылық болса, баланы уақытша паналау үйіне алып барады. Ал ұзақ уақыт оқшаулау қажет болса, баланы қабылдай алатын отбасы қарастырылады. Қысқаша айтқанда, барлығы айқын және ұғынықты.
Ал менің жеке ойым...
Әрбір отбасының трагедиясына өзінше көзқараспен қарау қажет. Ал басқа да сұрақтарыңызға мына сілтемелер арқылы өтіп жауап алуларыңызға болады. Ақпарттандыру тұрғысынан бұл сілтемелерді сіздерге арнайы дайындадым. http://www.oph.fi/…/151280_education_in_finland_russian_201…
https://www.adme.ru/…/7-principov-finskogo-obrazovaniya-83…/
http://mel.fm/2015/10/08/finland
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024