Алматы. 3 қазан. 7kun.kz – 2018 жылғы 28 қыркүйекте Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингін «BBB» деңгейіндегі «Тұрақты» болжамында бекітті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазақстанның рейтингін көтеретін негізгі факторлар қомақты мемлекеттік жинақтармен және мемлекеттің айтарлықтай таза шетелдік активтерімен нығайтылатын күшті мемлекеттік және сыртқы баланстар болып табылады. Жүргізілген банк саласын қайта құру және қазыналық шоғырландыру қомақты қорлардың сақталуын қамтамасыз етеді. Монетарлық саясат инфляция мен инфляциялық болжамдарды азайту жөніндегі үдерістерді нығайтады», - деп атап өтеді ведомстводан.
Министрлік ақпаратына сәйкес, Fitch талдаушылары Ұлттық банк реттеу жүйесін, мониторингілеу тетігін жақсартып, банк саласын тазалауды жалғастыруда деп атап өткен. Мәселен, Ұлттық банк капиталдандыру жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін банктердің лицензияларын қайтарып алуда.
Сондай-ақ, сарапшылардың пікірінше, айырбас бағамының айқын икемділігі және монетарлық саясатқа сенімділік деңгейінің артуы жаһандық қатерлердің ұлғаюынан туындайтын сыртқы құбылмалылықты жұмсартады.
Fitch сарапшыларының болжамына қарағанда, 2018 жылы экономикалық өсім мұнай газ және тау-кен рудасы салаларында жалғасудағы жағымды динамиканың және нақты жалақы мен несиелеудің артуының есебінен ішкі тұтынудың ұлғаюының арқасында 3,8% деңгейінде болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024