
Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — FlyArystan отандық лоукостері Нұр-Сұлтан-Қостанай-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша қатынайтын рейстердің билеттерін қайта сата бастады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Күнделікті рейстер лоукастердің төртінші 180 орынды Airbus A320 ұшақтарымен 18-ші желтоқсаннан бастап орындала бастайды.
Билеттің ең төменгі құны 5999 теңгеден басталады, бұл осы бағыт бойынша нарықтағы қазіргі бар ең төменгі бағалармен салыстырғанда 41%-ға аз.
Еске сала кетейік, әуе айлағын жаңғырту үшін Қостанай халықаралық әуежайының ұзақ мерзімге жабылуына байланысты қазан айында ұшу билеттерін сату тоқтатылды.