Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Қазақстандық FlyArystan Әуекомпаниясы Өзбекстанда ішкі рейстерге қызмет көрсету бойынша лоукостер компаниясын ашу үшін серіктестерді іздейді. Бұл туралы Өзбекстанның Podrobno.uz басылымына берген сұхбатында «Эйр Астана» әуе компаниясының бас директоры Питер Фостер мәлімдеді.
"Біз Өзбекстанда FlyArystan лоукостеріне ұқсас авиакомпанияны ашуға дайынбыз. Ол Фергана, Ташкент, Нүкіс, Навои, Үргенч, Бұқара және Карши сияқты қалаларды байланыстырады. Бұл жерде тасымалдау үшін үлкен әлеует бар", - деді Air Astana басшысы.
«Біз техникалық сенімділік тұрғысынан өте жақсы беделге ие Өзбекстанның ұлттық әуе компаниясы бар екенін түсінеміз. Бірақ, егер ішкі нарықты алсақ, онда ол іс жүзінде жоқ", - деді Питер Фостер.
FlyArystan компаниясында бұл жаңалық түсініктеме бере алмады, Өзбекстан Республикасының "Узбекистон Хаво Йуллари" ұлттық авиакомпаниясы да ешқандай пікір білдірмеді.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Өзбекстанда "Өзбекистон Хаво Йуллари" ҰАК ірілендіру процесі жүріп жатыр, оның негізінде екі компания: Uzbekistan Airways әуе тасымалдаушысы және Uzbekistan Airports әуежайды басқару жөніндегі сервистік оператор құрылады.
Өзбекстан Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылы Өзбекстан әуежайлары ішкі және сыртқы рейстерде 5,2 млн жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 2017 жылға қарағанда 20,2%-ға артық.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024