Алматы. 19 қараша. 7kun.kz — FlyArystan бюджеттік авиакомпаниясы 2022 жылға қарай жылына шамамен 5,6 млн жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр.
Әуекомпания билет бағасының қалай қалаптасатынын айтты. Баға құру ұшу кезінде таңдалған қосымша қызметтерге байланысты болады.
"Жолаушының өзіне қажетті қызметтер жиынтығын өз бетінше таңдауға мүмкіндігі бар. Мысалы, багаж, сусындар, тамақ, салондағы орын, әуежайда тіркелу және т.б. Ал бұл қызметтерді қоспағанда, жолаушы өз билетінің құнын барынша арзандату мүмкіндігіне ие болады", - деді ААК-да.
Қазір компания тарифтер мен бағыттар торын әзірлеумен, баға саясаты, маркетингтік стратегиялық мәселелерімен және кадрларды жинаумен айналысуда. Алғашқы тарифтер мен бағыттар 2019 жылдың наурызында қолжетімді болады. Тасымалдаушыларға 30-дан астам маршрут құрылады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Эйр Астана" президенті Питер Фостер бюджеттік авиакомпания EasyJet Airline Company Limited, IndiGo, Cebu Pacific Air және AirAsia сияқты классикалық лоукост-модель бойынша жұмыс істейтіндігін мәлімдеді. Орта мерзімді перспективада жақын шетел бағыттары бойынша маршруттық желіні кеңейту күтілуде. FlyArystan алғашқы уақытта төрт ұшақты пайдаланатын болады, ал 2022 жылға қарай тасымалдаушы флоты 15 ұшаққа дейін кеңейтіледі. Оның айтуынша, жаңа авиакомпания ұшудан кейін екінші жылдан бастап кіріс әкеле бастайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024