Алматы. 7 қаңтар. 7kun.kz – Forbes Kazakhstan 2022 жылдың үздік қазақстандық кәсіпкерін таңдады. «Alageum Electric» компаниялар тобының негізін қалаушы Сайдулла Қожабаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ол ең бай Forbes 50кәсіпкердің 47-ші қатарында және ең ықпалды 50 кәсіпкерлердің арасында 33-ші орында.
Басылымның мәліметінше, өткен жылы Alageum Electric жылдық айналымын 407 миллион долларға дейін арттырған (өсім 40%). Топтың құрамына кіретін Кентау трансформатор зауыты посткеңестік кеңістіктегі трансформаторлық жабдықтардың ірі өндірушісі атанды. Сонымен қатар Alageum Electric Еуропаға жабдық жеткізе бастады. Холдингтің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бұған дейін жабдық ТМД және Таяу Шығыс елдеріне экспортталған.
Alageum Group электротехникалық холдингі құрамына 30-дан астам кәсіпорын кіреді, оның ішінде Кентау, Орал және Ақтаудағы трансформатор зауыттары, сондай-ақ Алматыдағы электромеханикалық зауыт бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024