Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Forbes Халық банкті әлемнің 2000 ірі көпшілік компания рейтингіне қосты

Forbes Халық банкті әлемнің 2000 ірі көпшілік компания рейтингіне қосты

Forbes өзінің жыл сайынғы әлемнің 200 ірі көпшілік компания Forbes Global 2000 рейтингіне Қазақстанның Халық банкін қосты деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Осы жылы банк 1608 орынға жайғасты, капиталдандыру көрсеткіштері - 2,1 млрд доллар, активтер - 15 млрд доллар, пайда - 637 млн доллар. Осы жылы Forbes тізіміне қазақстандық компаниялардан тек Халық банкі кірді, өткен жылғы рейтингте "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы (1323 орын), "БТА банк" (1423 орын) және Халық банкі (1683 орын) болған-тын. Forbes Global 2000 - Американың Forbes қаржы-экономикалық журналы жыл сайын жасақтайтын әлемнің ең ірі компанияларының рейтингі. 2015 жылғы рейтинг 12 рет жүргізіліп отыр және ол әлемнің 60-тан астам елін қамтыды.

Похожие материалы