Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Forbes басылымы алғаш рет критовалюта операцияларымен байыған миллиардерлердің рейтингін жасады. Оған сәйкес, бірінші орынды финтех-кәсіпкер мен Ripple сервисінің (төлем жүйесі үшін криптовалюта платформасы) басшысы Крис Ларсен (7,5-8 млрд доллар) иеленген, деп хабарлайды ТАСС.
Екінші орында 1-5 млрд доллармен Ethereum компаниясының негізін салуға көмектескен Джозеф Лавин, үшінші орында - Binance критовалюта биржасының негізін қалаушы Чанпэн Чжао (1,1-2 млрд доллар) тұр.
Forbes атап өткендей, төртінші орынды ағайынды Тайлер мен Кэмерон Уинклвосс еншілеген. Олардың дәулеті 0,9-1,1 млрд АҚШ долларын құрайды.
Бұдан бөлек, рейтингке Ethereum компаниясының бірлескен құрылтайшысы Виталик Бутерин кірген (400-500 млн доллар). Бұл деректер 2018 жылдың 19 қаңтарындағы жағдай бойынша келтірілген.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!