Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – 12 желтоқсанда ForteBank DAR Ecosystems-тің - DARBazar,DARBusiness, чат технологиясы және Dar VIS чат секілді АT-өнімдерін сатып алу туралы жариялады. DAR Ecosystems - электрондық ақша операторы, Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем ұйымының лицензиясы бар. Қазіргі уақытта ForteBank мәмілені аяқтау бойынша қажетті заңнамалық процедуралардан өтуде.
"IT-шешімдерді сатып алу ForteBank-тің цифрландыру және клиенттер үшін үздік инновациялық қызметтерді ұсыну бойынша өз позицияларын күшейту жолындағы келесі маңызды қадамы болып табылады. Біз адам факторынан тәуелсіз және онлайн-саудадағы үздік тәжірибеге бағытталған электронды коммерцияның автоматтандырылған экожүйесін құруды жоспарлап отырмыз", - деді ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.
Сатып алынған өнімдерінің негізінде ForteBank бизнес үшін "ForteKassa" жаңа өнімді іске қосады. Өнім сауда нүктесін автоматтандырады. Сондай-ақ сатуды, қоймалық есепке алуды және қызметкерлерді басқаруға мүмкіндік береді. Технологиялық шешім екі бөліктен тұрады: сатушыларға арналған қосымша және бизнес иесіне арналған жеке кабинет.
Сонымен қатар, DAR Ecosystems басқа өнімдерінің негізінде инновациялық сервистер әзірленетін болады. Олар клиенттердің сұраныстарына жауап береді, күтуді алдын ала болжайды және өмірді жеңілдетеді. Мысалы, Forte Market, онлайн-дүкен құру клиенттерге арналған банктік емес өнімдер саласын толықтырады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024