Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz — ForteBank Азия Даму Банкінен қаражат тарту арқылы микро, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру бағдарламасының қатысушысы болды. Бұл бағдарлама Қазақстан кәсіпорындарын тиімді шарттармен белсенді несиелендіруге көмектеседі.
АДБ ForteBank-ке 31,320 млрд теңге көлемінде қарыз берді. Бұл қаражатты қаржы институты 2019 жылдың 2 қарашасына дейін игеріп, кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағыттайды. Кредиттердің мақсаты - негізгі құралдарды сатып алу және жаңғырту, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыру.
«Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту - ForteBank үшін маңызды бағыттардың бірі. Бүгінгі күні біз Даму, сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкімен табысты ынтымақтастықта жұмыс істейміз және бұл жұмысты Азия Даму Банкімен қаржыландыру бойынша жалғастыратынымызға қуаныштымыз. Бірнеше онжылдықтың ішінде ол көптеген банктер үшін сенімді әрі білікті серіктес бола отырып, өңір экономикасының өсуін ынталандырады», - деп атап өтті ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.
Айта кетейік, бағдарлама бойынша қарыздар жылдық 12,5% сыйақы мөлшерлемесімен 1 млрд теңгеге дейін беріледі. Мерзім-84 айға дейін, несие желісі аралас болуы мүмкін. Егер бағдарлама барысында қаржыландыру АДБ қаражаты есебінен жүрсе, онда ол аяқталғаннан кейін клиенттерді тікелей ForteBank қолдайды.
Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» басым секторлары шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау маңызды артықшылығы болады. Ең алдымен бұл өңдеуші өнеркәсіп, металлургия және өндірістің әр түрлі салалары бойынша жобаларға қатысты.