Париж. 1 тамыз. 7kun.kz – Парижде Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Мұхтар Әбілязовты экстрадициялау туралы іс қаралуда, деп хабарлайды 7kun.kz.
eureporter.co жазуынша, экс-шенеунік алаяқтық жасады деген айыппен экстрадициялануы мүмкін.
«Әблязовке қатысты ұзаққа созылған іс Франциядағы босқындар ісі жөніндегі ұлттық сотқа жетті. Сот жақын арада олигархтың босқын мәртебесіне қатысты шешім қабылдауы тиіс», – делінген хабарламада.
Алдағы саяси баспана беру туралы шешім Францияның саяси орталарында алаңдаушылық туғызып отырғаны атап өтілді. Себебі бұл елдің Қазақстанмен маңызды қорғаныс және уран келісімшарттары бар.
Әблязов ісі бойынша шешім Францияның босқындар ісі жөніндегі ұлттық соты қарайтын алғашқы үлкен істердің бірі болады.
Еске салайық, Мұхтар Әблязов 2009 жылы Қазақстаннан қашып кеткен. Ел билігі оны БТА банктен 7,5 миллиард доллар жымқырды деп айыптап, оның партиясын террористік партия деп таныған болатын.
Қазақстанда және Ұлыбританияда олигарх өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024