Кеше Францияда президент сайлауының бірінші туры аяқталды. Елдің ІІМ ақпары бойынша сайлауға 20 млн адам қатысқан. Олардың 23,75 пайызы тәуелсіз үміткер, «Алға» саяси қозғалысының жетекшісі Эммануэль Макронға, 21,53 пайызы ұлтшыл Марин Ле Пенге дауыс берген. Яғни екеуі 7 мамырда өтетін екінші турға өтті. Айта кетейік Францияда президент сайлауы екі турдан тұрады.
Ал республикашылар партиясының өкілі, елдің экс-үкіметбасшысы Франсуа Фийон 19,91%, «Бағынбайтын Франция» қозғалысының жетекшісі Жан-Люк Меланшон 19,64% дауысқа ие болған. Олар енді Франция тарихында 2017 жылғы президент сайлауына үміткерлер ретінде қалады.
Елдегі саяси жауырыншылар мен журналистер аталған екеудің ішінде Макронның президент болу мүмкіндігі айтарлықтай жоғары дейді.
Өйткені оны қазіргі президент Олланд пен бірінші турдағы қарсыластар, саяси күштер қолдап отыр. ВВС-дің жазуынша президент сайлауы аяқталысымен Франция жаңа саяси дәуірге қадам басады. Өйткені 40-қа әлі толмаған, ешкім ешқашан президент болады деп күтпеген Эммануэл Макронның бағы жануы мүмкін.
[caption id="attachment_68246" align="alignnone" width="697"] Фото: Regnum[/caption]Макрон былтыр сәуірде елдің экономика министрі лауазымын тастап, қазақшалағанда «Алға» деп аталатын саяси қозғалыс құрған еді. Бұған дейін депутат болмаған, сайлауға қатыспаған. Ешбір саяси партияның мүшесі емес. Елдегі Социалистік партия, Республикашылар, Ұлттық майдан сияқты саяси күштерге де арқа сүйей алмайтын еді.
Алайда Макрон жастармен белсенді жұмыс істеп, өзіне жақтас таба білді. Елдегі жастармен көбірек сыйлас болған ол, енді күтпеген жерден президент болып саясатта төңкеріс жасауы мүмкін.
Егер Макрон президенттікке қол жеткізсе ел тарихындағы ең жас президент болады.
Сонымен қатар ол қазірдің өзінде 1958 жылдан бергі президент сайлауында екінші турға өткен не социалист, не оңшыл көзқарастағы адам емес ретінде тарихта қалыпта тұр.
[caption id="attachment_68248" align="alignleft" width="266"] Фото: Ридус[/caption]Ал заңгер, «Ұлттық майдан» партиясының жетекшісі Марин Ле Пен бұған дейін Нор-Па-де-Кале аймағының кеңесшісі, әкесі Жан-Мари Ле Пеннің сайлауалды кампаниясының қызметкері, Еуродепутат болған. 2012 жылы Президент сайлауына қатысып, бірінші турдан өтпей қалған еді. Ол сондай-ақ, Еуродаққа қарсылығымен және ресейшіл екендігімен танымал. Осы сайлау алдында қарсыластары оның сайлау кампаниясына Ресейден қаржы алуы мүмкін екендігін жарыса жазған болатын. Сондықтан болар, оның президент болу мүмкіндігі аз дейді әлемдік БАҚ. Егер бағы жанып Франция президенті атанып жатса, ел тарихындағы тұңғыш әйел президент болмақ.
Айта кетейік, Марин Ле Пеннің әкесі Жан-Мари «Ұлттық майдан» партиясының негізін салушы, әрі президенттіктен мәңгі үміткер. 1972 жылы партия құрған ол 1974 жылдан бері бес президенттік сайлауға қатысып, тек 2002 жылы ғана екінші турға өткен.
Елдегі саяси күштер аталған партияны республикалық құндылықтарға қауіп ретінде қарайды. Сондықтан әртүрлі сайлауларда саяси топтар бірігіп оған қарсы тұратын. Осы жағдай да оның қызының президент болуына мүмкіндік бермейді деп топшалайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024