Skype компаниясы Францияның барлық қалалық және мобильді нөмірлеріне телефон соғу уақытша тегін жүргізіледі деп мәлімдеді. Бұл шешімді қабылдауға Париждегі террорлік актілер себеп болды. Байланыс тегін болатындығы компанияның ресми блогына жарияланды. Сондай-ақ, тұрғындардан ішкі қоңыраулардан да ақы алынбайды.
«Парижде болған жантүршігерлік оқиғаларды көре отырып, біз адамдарға бір-бірімен үнемі байланыста болуына көмектесу керек деп шештік. Сол себепті тез арада қоңырауларды тегін ету туралы шешім шығардық», — делінген компанияның хабарламасында. Қоңырау шалу туралы қосымша ақпараттар компанияның ресми сайтындағы көмекші бөлімде көрсетілген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024