Экономикасының ауқымы бойынша еуроаймақтағы екінші елдің еңбек нарығындағы жағдай нашарлап жатыр. 2015 жылдың сәуір айында Франциядағы жұмыссыздар саны - 3,53 млн адам.
Бұл туралы Францияның премьер-министріне берген баяндамасында еңбек министрі Франсуа Ребсамен хабарлады.
Оның айтуынша, 2015 жылдың сәуір айында жұмысы жоқ француздардың саны осы жылдың наурыз айымен салыстырғанда 0,7%-ға немесе 26,2 мың адамға артып, 3,536 млн адамға жеткен.
"Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру мен еңбек нарығының көрсеткіштерін жақсарту арасында белгілі бір іркіліс байқалып тұрғаны анық. Экономистердің берген бағасына сүйенсек, жұмыссыздық деңгейі төмендеп бастауы үшін Франция экономикасының ЖІӨ өсімінің қарқыны орта есеппен 1,3-1,5% болуы тиіс", - деп мәлімдеді Францияның еңбек министрі.
Срапшылардың айтуынша жұмыссыздықтың өсуіне қатысты жағдай Франсуа Олландтың үкіметі үшін ауыр соққы келтірмек. Бұған дейін Франция президенті жұмыссыздықтың өсімін ауыздықтай алмаған жағдайда 2017 жылғы президент сайлауында өз кандидатурасын екінші мерзімге ұсынбайтыны туралы ресми түрде уәде еткен болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024