Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Француз миллионерлері Нотор-дамды қалпына келтіруге жүз миллиондап еуро бөле бастады

Француз миллионерлері Нотор-дамды қалпына келтіруге жүз миллиондап еуро бөле бастады

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz – Louis Vuitton Moet Hennessy (LVMH) компаниялар тобының иесі француздық Арно отбасы өртеніп кеткен Париждегі Құдай-Ана соборын қалпына келтіруге 200 миллион еуро бөлетінін мәлімдеді. Бұл туралы Le Figaro хабарлады.

«Арно отбасы мен LVMH тобы ұлттық трагедияда өздерінің ынтымақтастығын көрсеткісі келеді және Францияның мұрасы мен француз бірлігінің символы болып табылатын осы ерекше соборды қалпына келтіруге көмектесу үшін бірікті», — делінген Арно мәлімдемесінде.

Бұған дейін миллиардер Франсуа-Анри Пина өзі және әкесі Франсуа «Париждегі Құдай-Ана соборын толықтай қалпына келтіруге Artemis қорынан 100 миллион ақша бөлу туралы шешім қабылдады» деп мәлімдеді.

Бұдан басқа, француздық «Foundation du Patrimoine» жеке меншік ұйымы («Heritage Fund») сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру үшін халықаралық ақша жинауды бастайды деп хабарлады.

Похожие материалы