Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — Freedom Holding Corp өзінің таза кірісін 15,1 млн долларға арттырды. Холдинг 2019 жылдың 30 маусымында аяқталған фискалдық жылдың І тоқсанындағы қаржылық нәтижелер туралы хабарлады.
Оларға сәйкес, 29,2 миллион долларлық кіріс 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 295%-ға немесе 21,8 миллион долларға ұлғайған:
- I тоқсандағы комиссиялық кірістердің өсімі 316%-ға, немесе 17,2 млн долларға - 5,4 млн доллардан 22,6 млн долларға дейін;
- бағалы қағаздар бойынша кейбір позициялардың нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде пайда болған өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жеке портфельмен операциялар бойынша кірістердің 5,9 млн долларға ұлғаюы.
Сонымен бірге шығындар 5,1 млн долларға немесе 35%-ға өсті:
- филиалдардың қызметін кеңейту және ашу нәтижесінде жалпы әкімшілік шығындар бойынша операциялық шығыстардың 3,6 млн долларға өсуі;
- I тоқсан ішінде клиенттер саны мен олар жасайтын мәмілелер көлемінің өсуіне байланысты комиссиялар бойынша шығыстардың 3,3 млн долларға ұлғаюы.
"Таза пайда 15,1 млн долларға өсті: таза шығынды 6,9 млн доллардан таза пайдаға дейін 8,2 млн долларға өсті. Өзге де жиынтық табыс 8,9 млн долларға, өткен жылдың 30 маусымында аяқталған I тоқсандағы 13,6 млн доллармен салыстырғанда 22,5 млн долларға өзгерді", - деп түсіндірді Freedom Holding.
Сонымен қатар компанияның активтері мен міндеттемелері тиісінше 78,2 млн долларға және 70 млн долларға ұлғайды.
"Холдинг ұсынылған барлық юрисдикцияларда табысты және қарқынды өсіп келеді. Біз барлық батыл жобаларды іске асырамыз және өсуіміз бен дамуымызға қатысты инвесторларға берген уәделерімізді орындауды жалғастырамыз. Біздің команда күн сайын маңызды және үлкен жұмыстарды атқарады, және қорытындысында біз жақсы нәтижелер көрсетеміз. Бізде тұрақты өсуді жалғастыру үшін бәсекеге қабілетті мүмкіндіктер бар: капитал, сапалы өнімдер және нарықтағы ең үздіктердің бірі саналатын кәсіби команда", - деді Freedom Holding бас директоры Тимур Тұрлов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024