Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz –Қатерлі ісікке шалдыққан аты аңызға айналған футболшы Пеле 82 жасында қайтыс болды. Бразилиялық аяқдопшы тарихта үш әлем чемпионатында жеңіске жеткен жалғыз ойыншы және Марадонамен FIFA нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың үздік футболшысы атағын бөлісті, деп хабарлайды Associated Press оның агентіне сілтеме жасап.
Пеле қараша айының соңынан бері Сан-Паулудағы ауруханада жатты. Ол COVID-19 асқындырған респираторлық инфекциямен күресті.
Футболшы 2021 жылдың тамызынан бері тоқ ішек қатерлі ісігінен емделіп жатқан.
Желтоқсан айының басында бразилиялық Folha de S.Paulo газеті Пелеге химиотерапия енді көмектеспейтінін, оның паллиативтік көмекке ауыстырылғанын хабарлады. Футбол аңызының емделген емханасы мен отбасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алайда 22 желтоқсанда дәрігерлер Пеленің жағдайы нашарлағанын хабарлады - қатерлі ісік өршіп кетті, бұрынғы футболшы бүйрек пен жүрек қызметінің бұзылуына байланысты көп көңіл бөлуді қажет етті. Пеленің отбасы Рождество мерекесін ауруханада өткізуге тура келетінін айтқан еді.
Пеле (шын есімі Эдсон Арантес ду Насименту) – тарихта үш әлем чемпионатында жеңіске жеткен жалғыз футболшы (1958, 1962, 1970). Ол Бразилия құрамасы сапасында 92 матч өткізіп, 77 гол соққан.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024