Футболдан әлем чемпионы және дефолттар елі: Аргентина ең күрделі инфляциялық дағдарысқа тап болды
Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Кеше ғана футболдан әлем чемпионы атанған Аргентинада инфляция жыл соңына қарай 95% жетеді. Бұл туралы елдің Орталық банкінің болжамында айтылған.
Биылғы жылдың басынан бері реттеуші жылдық инфляция көлемі бойынша болжамды 6 рет көтерді. Соңғы болжамға сәйкес оның көлемі 2023 жылы сәл төмендеп, 84,1%, 2024 жылы 63,1% болады.
Латын Америкасындағы экономика көлемі жағынан үшінші елде инфляцияның күрт өсуі 2017 жылы басталған. 2016 жылғы 10,6 %-дан күрт өсіп, 25,7 %-ға жетті. 2021 жылы екі есеге жуық өсіп, 48,4 % құрады. Дәл қазіргі кезде оның деңгейі 92.40%. Болжамжарға қарамастан ел экономикасының жағдғайы алдағы жылдары қиындай түсуі мүмкін. Бағаның тұрақсыздығынан шаршаған инвесторлар да елден кете бастаған. Маусым айынан бері инвесторлардың 10% активтерін қайтарып алған.
Буэнос-Айрестегі Үкімет ғимараты маңында кәсіподақтар мен жұмыссыздардың наразылық шеруі қалыпты жағдайға айналған. Ұлттық статистика және санақ Ұлттық институтының дерегінше халықтың 36,5% кедей, 8,8% аш қалған.
Қандай шара қабылдаса да Үкімет дағдарысты жеңе алмай отыр. Биыл шілде айында экономика министрі Мартин Гусман қызметінен кетті. Оның ізбасары Сильвина Батакис бір айға жуық қана жұмыс істеп, кетуге мәжбүр болды. Қазір министрлікті қаржыгер Серхио Маса басқарады. Алайда ол да қауқарсыз.
Қиын жағдайдың салдарынан сыртқы қарызды қатаруы да қиындаған. Нәтижесінде осы төртінші тоқсанда ел тарихындағы оныншы дефолт болуы мүмкін. Кейбір сарапшылар егер бұл жолы қиындықты еңсере алса, 2023 жылы дефолттан қашып құтылу мүмкін емес. Өйткені қиын жағдайға қарамастан шенеуніктерді футболға көбірек алаңдатқан. Мысалы, Катардағы доп додасына бір апта қалғанда Еңбек және әлеуметтік қамту министрі Келли Олмос өзін футбол көбірек алаңдататынын мәлімдеді.
«Біз инфляцияны төмендету үшін үнемі жұмыс істеуіміз керек, бірақ бір ай ештеңе шешпейді», – деді ол. – Эмоционалды тұрғыдан және барлық аргентиналықтардың көзқарасы бойынша біз қазір ең алдымен Аргентинаның әлем чемпионы болғанын қалаймыз. Біздің халық бұған лайық».
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024