Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Футболшылардың жейделеріне камера орнатылады

Футболшылардың жейделеріне камера орнатылады

Тағылатын электроника технология әлемінде қанатын жайып келеді. Apple компаниясының "ақылды" сағаттарының саудаға түсетін уақыты мен бағасы белгілі болған соң барлығының назары тағылатын технологияларға ауды. Лондонда 10-11 наурыз аралығында өткен тағылатын технологиялар көрмесінде болашақта осы сала басымдыққа ие болатыны атап өтілді. Көрмеге қатысқан испандық компания осы технологияны футбол ойынымен байланыстырып, футболкаларға камера орналастыру арқылы жанкүйерлерге жақсы мүмкіндік туындатуды ойлап отыр.

Испандық FirstV1sion стартап-компаниясы өз жобаларына  5 миллион еуро көлемінде инвестиция тарттырмақшы. Қажетті соманы краудфандинг мен технология промоутеры есебінде "Барселона" футбол клубының жартылай қорғаушысы Андрес Иньестаның көмегімен жинауды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, FirstV1sion-ды Telefonica атты жергілікті телекоммуникациялық компания 7 пайыздық акцияны 60 мың еуроға алмастыру арқылы инвестициялауда.

FirstV1sion камерадағы видеоның сапасы жоғары болатынын айтып отыр. Камера жеңіл жейденің кеуде тұсына орнатылады. Компания сайтында камераның көрінбейтіні және қолданғанда қауіпсіз екендігі жазылған. Футболшының ойын барысындағы әсерін жанкүйеріне сездіру үшін бұл таптырмас мүмкіндік.

Бүгінде GoPro экшен-камералары сұранысқа ие. Бірақ, көлемінің үлкендігіне байланысты футбол матчтарына қолдануға келмейді.

FirstV1sion құрылғылары шынайы өмірде тексерістен өтті. Барселона - Реал Мадрид матчында тестілік көрсетілімді 20 миллион адам қараған. Көріністі әлем бойынша 150 телекомпания көрсеткен.

Похожие материалы