Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Гаухар Бөрібаева «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды, - деп хабарлайды «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметі.
Гаухар Бөрібаева Қазақ мемлекеттік заң университетін (құқықтану), Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (қаржы), The London College UCK (бизнес менеджмент саласындағы магистр) бітірген.
Гаухар Асылбекқызы еңбек жолын 2003 жылы «GreenIntegrated LogisticsCo.LTD» Оңтүстік Кореяның көліктік компаниясында менеджер болып бастады. Әр түрлі уақытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ, «Қазақстан Даму банкі» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Альянс Банк» АҚ, «Көліктік логистиканы дамыту ұлттық орталығы» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалында жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының қарамағындағы ұйымның қаржы және экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті.
2017 жылдан 2018 жылға дейін - «Даму» қорының әкімшілік департаментінің директоры, басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2018 жылдан 2019 жылға дейін - «Даму» қорының басқарма төрағасының орынбасары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024