Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – Концерн GM американдық көлік департаментіне рөлсіз және педальсыз автокөлік үлгісін сертификаттау үшін өтініш берді. Бұл туралы vestifinance.ru мәлімдеді.
GM Chevy Bolt негізіндегі пилотсыз платформалы жаңа автокөлік 2019 жылдан бастап шығарылуы мүмкін.
GM концернінің хабарында, АҚШ-тың Көлік министрлігіне жазатайым оқиғалар қаупін азайту бойынша қабылданған шараларды түсіндіріп, сериялық өндіріс басталғанға дейін автокөлік сертификатын алу қажет деп айтылған.
Компания, сондай-ақ, жаңа электрокөліктің болжанған салонының бейнесін жариялады.
https://youtu.be/MvP82IsGqNcКонцерннің сарапшылары дербес автокөліктерді жеке кәсіпкерлерге сату туралы ештеңе айтпайды. Мұндай көліктер каршеринг желісіне түседі деп болжанады. Желінің абоненттері пилотсыздықты смартфон арқылы жүзеге асыра алады. Белгілі бір нүктеге жетіп, сол жерде автокөлікті тастай алады. Ол келесі адамның шақыруын дереу қабылдайды, деп жазады Drive.ru.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024