Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz - Warner Bros кинокомпаниясы жаңа фильмдердің интернетке шығу уақытын 90 күннен 17 күнге дейін қысқартады. Бұл туралы Variety порталы жазады.
Қазір студиялар үшін негізгі табыс фильмдердің кинотеатрларда прокатқа шығарғаннан келеді. Бірақ компаниялар фильмді кинотеатрға шығару мен интернетке жариялау арасындағы уақытты қысқарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Себебі интернет-қарақшылықтан студияларға миллиондаған шығын келеді және қазір барлығы осы мәселені шешуге тырысып жатыр.
Проблеманың бір шешімі - фильмді интернетке шығару уақытын тездету. Warner Bros компаниясы жаңа фильмді 17 күннен кейін интернетке шығаруға дайын. Бірақ ол үшін 50 мың доллар сұрап отыр, қаржының жартысын кинотеатрлар алады. Дегенмен студияға жаңа форматқа қашан көшуге дайын екендіктері әлі белгісіз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024