Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tele2 Қазақстанның басшысы Пиетари Кивикко қызметінен кетеді

Tele2 Қазақстанның басшысы Пиетари Кивикко қызметінен кетеді

Tele2 Қазақстанның басқарма басшысы Пиетари Кивикко қызметінен кетеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

"Мен компаниядағы қызметімнен кетемін. Жаңа басқарма төрағасын тағайындау туралы келесі аптада жарияланады. Жаңа жетекші ретінде Tele2 Ресейдің басқарма төрағасы Роман Володин келеді", - деді ол Интерфакста болған баспасөз конференциясында.

"Жетекшілікте болып отыратын өзгерістер - ротациядағы стандартты корпоративті тәртіп. Ал маған берілетін жаңа қызмет туралы мен басшылықтан кеткен соң белгілі болады", - деді ол.

П. Кивикко "МегаФон" (Ресей) және Sonera Corporation (Финляндия) сияқты компанияларда қаржы саласын басқару қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін Fintur Holdings B.V./TeliaSonera Еуразия атты теллекоммуникация компаниясының (Нидерланд, Түркия) қаржы директоры болды. 2013 жылдан бастап Тele2 Қазақстанның басқарма төрағасы.

Тele2 Қазақстанда 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС жергілікті операторын сатып алғаннан кейін GSM-900 стандарты бойынша ел аумағында ұялы байланыс қызметін ұсынатын лицензияны иеленді.

Фото: and.kz

Похожие материалы