Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google еуропалық бөлімшелерін қайта ұйымдастырмақ

Google еуропалық бөлімшелерін қайта ұйымдастырмақ

Google Inc. болғалы жатқан ережелердің күшейтілуіне және еуропалық реттеушілердің тексерулеріне байланысты еуропалық бөлімшелерін қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр деп жазады Financial Times.

Компания георграфиялық қағидат бойынша қалыптастған екі еуропалық бөлімшесін біріктіреді. Солтүстік және Батыс Еуропада Google бизнесін басқарған Мэтт Бриттин ағымдағы басқарумен айналысады да, жеке елдердегі басшылар оның қарамағында болады. М.Бриттин кеңсесі Лондонда орналасады.

Google негізінен Еурокомиссиясының монополияға қарсы тексеруінен қауіптеніп отыр. Ол тағы бірнеше жыл жалғасуы мүмкін. Алайда компанияның РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция және Испания секілді елдердегі істері қаралып жатыр.

Бриттиннің сөзінше, бірыңғай құрылым жергілікті жағдаяттың өзгеруіне және жаңа мүмкіндіктерге жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Соған қоса, компания Еуропадағы имиджін жақсартуға бағытталған бастамаларды жарияламақ.

Атап айтқанда, Google жуырдағы екі жыл ішінде 1 млн еуропалықты маңызды "цифрлік дағдыларға" үйретпек.

 

Похожие материалы