Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz — Google өкілі Қытайдың Huawei гаджет өндірушісімен ынтымақтастыққа тыйым салу туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Ол корпорацияның ұстанымын Reuters агенттігіне хабарлады.
Өкілдің айтуынша, қазіргі уақытта компанияда АҚШ президенті Дональд Трамптың жарлығы зерттелуде және оның салдарын болжау жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте қытайлық өндірушінің смартфондарын сатып алған пайдаланушылар үшін Google Play және Google Play Protect қосымшалары жұмысын жалғастырады.
Сондай-ақ, өкіл Google мен Huawei арасындағы бизнес-байланыстарды тоқтатуды растады.
19 мамыр күні Huawei смартфондары Android жаңартуларын алуды тоқтатады. Ал компания смартфондарының келесі буындары Google Play қосымшаларының дүкенін, Chrome браузерін, Gmail пошта клиентін, YouTube және картаны қоса алғанда, Google сервистеріне қолжетімділікке ие болмайды деп хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, АҚШ сауда министрлігі Huawei мен оның 70 филиалын 16 мамырда қара тізімге қосты. АҚШ өкілдерінің пікірінше, бұл шешім компанияның кейбір өнімдерін сатуды қиындатады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024