Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz - Google сервисі Google Play дүкенінен қолданушы мәліметтерін қорғау ережелеріне сай келмейтін барлық қосымшаларды өшіруді жоспарлап отыр. Шара сервисті қажетсіз ойындардан тазартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы The Next Web хабарлайды.
Қолданушылардан жеке бас ақпараттарын талап ететін қосымшалардың құрастырушаларына компания жаппай хат жолдап жатыр. Google оларға құпия ақпараттарды пайдалану үшін алдымен рұқсат сұрау ережелерін жасауды немесе камера, микрофон және контактілерге енулерін тоқтатуды талап етті.
Hip Hop Ninja ойынының құрастырушысы Джек Кунидің айтуынша, мұндай шаралар сервисті қажетсіз ойындардан тазартады. Ондай ойындар көптеген құпия мәліметтерді сұрайды және гаджетке зиян келтіреді.
Егер олар 15 наурызға дейін ережеге бағынбаса, өнім бұғатталып, Play Store-дан өшіріледі.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024