Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google SMS-тің жаңа стандартына арналған стартап сатып алды

Google SMS-тің жаңа стандартына арналған стартап сатып алды

Google компаниясы жаңа SMS стандарты жұмыс істейтін Jibe Mobile стартапын сатып алды. Бұл туралы компанияның ресми блогына сілтеме жасап, lenta.ru хабарлайды.

Google-дың бұл бастамасының мақсаты - Jibe Mobile айналысатын Rich Communications Services (RCS) технология жұмысын танымал ету. RCS — оператордың ішкі желісінде қысқаша хабарлама алмасуға арналған жаңа стандарт. Оның ерекшелігі басқа месенжерлер сияқты топтық чаттарды, сапалы фоталар мен видеочаттарды өзіне қоса алады. Бұл салада Google мобильді операторлармен, ұялы құрылғыларды өндірушілермен және Android құрастырушыларымен бірге жұмыс істейді. 2006 жылы негізі қаланған Jibe Mobile өзін технология саласында қызмет істейтін коммуникациялық компания ретінде санайды. Ол телеком саласындағы компаниялармен, телефон өндірушілермен және операторлармен серіктестік қызмет атқарады. The Information қаңтар айында Google компаниясы ұялы байланыстың виртуалды операторы болуды жоспарлап жүргенін мәлімдеген болатын. Кейінірек  компанияның бас директоры Сундар Пичаи MWC-2015 конференциясында хабарламаны растады. Google ұсынған дыбыс қызметін жеткізу және мобильдік қызмет Sprint және T-Mobile ұялы операторларының серіктесігімен жүзеге асады. Ал желі қарапайым жиілікте және Wi-Fi арқылы жұмыс істейді.

Похожие материалы