Грекия банктері дүйсенбі күні жұмыстарын бастаған жоқ. Бұған дефолт пен елдің еуроаймақтан шығу қаупі себеп болды. Капитал айналымына бақылау енгізілді. Қор биржасы да ашылған жоқ. Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырып, барлық банк жинақтары сақталады деп мәлімдеді. Бұл туралы ВВС орыс қызметі хабарлайды.
Дегенмен де, жексенбі күні банкоматтардың алдында ұзақ кезек пайда болды. Адамдар банктер қолма-қол ақшаны бермей қояды деп қауіптенеді. Капитал айналымы аясында дүйсенбіден бастап күнделікті есепшоттан тек 60 еуро ғана шешіп алу керек болады. Шетелден қолма-қол ақша алуға тыйым салынды.
30 маусымға дейін Грекия Халықаралық валюталық қорға (ХВҚ) 1,6 млрд еуро төлеуі немесе дефолт жариялауы қажет. Соңғы аптада гректер банктегі есепшоттарынан миллиард еуро шешіп алған. Еске салайық, жексенбіге қараған түні Грекия парламенті премьер-министр Алексис Ципрастың халықаралық несие берушілердің шарттарымен келісу туралы референдум өткізу жөніндегі ұсынысына рұқсат берді. Өз кезегінде Ципрас тұрғындарды референдум кезінде ұсыныстарға "жоқ" деп жауап беруге шақырды. "Несие берушілер үшін Грекияның берілмейтіндігін, Грекия үшін ойынның аяқталмағандығын түсінетін күн туады", - деді Ципрас. Осыдан кейін еуроаймақ елдерінің министрлері Грекияға қаржылық дағдарыстан шығу үшін қажетті көмек бағдарламасын кері шегерді. ХВҚ-ның басшысы Кристин Лагардтың мәлімдеуінше, Грекия үшін аталған референдумның заңды күші болмайды. Айта кетейік, Афина үкіметі Еуроодақ және ХВҚ-мен 340 млрд еуродан асатын қарызды реттеу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024