Егер бес күннің ішінде Грекияның қарызы туралы мәселе шешемін таппаса, еуроаймақтан шығуға мәжбүр болады деп хабарлайды РИА Новости. Мұндай мәлімдемені сандық экономика және қоғам жөніндегі еурокомиссар Гюнтер Эттингер жасады.
Бейсенбі күнгі еуротоптың отырысында Грекия үкіметінің өкілдері мен халықаралық несие берушілер арасында елдегі реформалар мен бюджет экономикасына байланысты келіспеушіліктер туындаған. "Грекияны еуроаймақтан шығару біздің мақсатымыз емес, бірақ бес күн ішінде шешімі табылмаса, басқа амал жол", - дейді Эттингер. 2015 жылдың 30 маусымы Грекияның несие берушілермен келісім жасауы тиіс соңғы күн. Одан кейін қолдау бағдарламасы ісін тоқтатып, соның аясында қалған 7,2 миллиард еуро берілмейтін болады. Сол күні, яғни 30 маусымда халықаралық валюта қоры несиесі бойынша кезекті траншты жабу керек. Естеріңізге сала кетсек, Грекияның қарызы бірнеше айдан бері ел мен оның несие берушілері арасында қызу талқыға салынып жүр. Еуротоптың кезекті отырысын сенбі күні, 27 маусымда Брюссель қаласында өткізу жоспарланып отыр. Ал, Грекия болса өз кезегінде Германиядан Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғысындағы зардаптарды өтеп беруін бірнеше рет талап еткен.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024