Грек үкіметі халықаралық несие берушілерге экономикалық реформалардың жаңа жобасын ұсынды. Еуроодақ шенеуніктері белгіленген уақыттың аяқталуына 2 сағат қалғанда Афиныдан Грекияға қаржылай көмек беру туралы келіссөздерге қатысты ұсыныстарын алды деп жазады ВВС.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас Еурокомиссия, Еуропалық орталық банк және Халықаралық валюта қоры талап еткендей зейнетақы жүйесін құрылымдауға және салықты көтеруге келісім білдірген. Сондай-ақ, грек үкіметі бюджетті шығындарды 12 млрд еуроға азайтуды жоспарлап отыр.
Сарапшылардың сөзінше, грекия үкіметі ұсынып отырған шаралар түсініспеушілік тудырды. Себебі Афина үкіметі Еурокомиссия 26 маусымда талап еткендерді қайта ұсынып отыр. Олардың сөзінше, мұндай өзгеріс несие берушілердің көңілінен шыға қоюы екіталай.
Еске салайық, дефолттан және еуроаймақтан шығудан құтылу үшін Грекия үшінші рет ЕО, ХВҚ тарапынан қаржылай көмек алуға тырысып отыр. Сенбі күні афиналықтар ұсынған құжатты еуроаймақ елдерінің қаржы министрлері, жексенбі күні ЕО саммиті талқылайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024