Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Грекияға халықаралық несие беруден бас тартты

Грекияға халықаралық несие беруден бас тартты

Реформалар туралы нақты шешім қабылданбаса, Афина халықаралық несиеге ие бола алмайды. Бұл туралы еуроаймақтың қаржы министрлер кеңесінің төрағасы Йерун Дейсселблум мәлімдеді.

Оның атап өтуінше, Грекия мен несие берушілер арасында "аздаған келіспеушіліктер" сақталады. "Бізге несие берушілермен келісімге қол қоюға дейін аз уақыт қалғаны белгілі. Соңғы екі айда тым көп уақыт жоғалттық, енді  прогресс керек", - деді Дейсселблум.

Еуротоп төрағасының атап өтуінше, несие берушілермен келіссөздер табысының жауапкершілігі Грекияның лауазымды тұлғаларының мойнында тұр.

Осыған дейін 15 сәуірде халықаралық Standard & Poor's агенттігі Грекияның ұзақ мерзімді несиелік рейтингін В- деңгейінен ССС+ деңгейіне дейін төмендетті. Ал қысқа мерзімді рейтингі В-ден С-ға түсірілді, бұл дефолт алдындағы деңгей дегенді білдіреді.

14 сәуір күні халықаралық несие берушілермен сәуірдің ортасына дейін келісімге қол қойылмаса, Грекия дефолт жарияламақ деген ақпарат тарады. Афина ресми түрде бұл ақпаратты жоққа шығарды.

9 сәуір күні Грекия Халықаралық қор алдындағы (ХВҚ) қарызының жартысын (450 млн доллар) төлеген еді. Алдағы жарты жылда тағы 20 млрд доллар төленуі қажет.

24 сәуірде Еуротоп Афинаға қаржылай көмек бағдарламасын 2015 жылдың шілдесіне дейін ұзартты. Бірақ Грекия үкіметі қатаң түрде әлеуметтік шығындарды қысқартуын талап еткендіктен Еуроодақ және ХВҚ-мен келіссөздер жүргізгісі келмейді.

Грекияның несие берушілер алдындағы жалпы қарызы 320 млрд еуроны құрайды.

 

Похожие материалы