Грекия маусым айында Халықаралық валюталық қорға (ХВҚ) төлеуі керек қарызы үшін қаржысы жоқ. Бұл туралы Грекияның ішкі істер министрі Никос Вуцис мәлімдеді деп хабарлайды Reuters.
"Маусым айында ХВҚ траншы 1,6 млрд долларды құрауы керек еді. Бірақ бұл ақшалар аударылмайды, аударатын да ештеңе жоқ", - деп мәлімдеді министр телевизиялық шоу эфирінде. Осыған дейін Вуцис сәуір айында Грекия ХВҚ-ға кезекті қарызын төлей алмайды деп мәлімдеген еді. Оның сөзінше, Афина басты артықшылық ретінде қарызды төлеуге емес, адамдардың жалақысы мен зейнетақысын төлеуге баса назар аударып отыр. Бірақ сәуірде қаржы уақытында аударылған. Грекияның несие берушілер алдындағы жалпы қарызы 320 млрд еуроны құрайды. Грек үкіметі алып отырған несиенің өзі бұрынғы несиелерін жабуға жұмсалады. Ал жаңа келген биліктің халықаралық несие берушілер талап етіп отырған қатаң үнемдеу саясатынан бас тартуы жағдайды одан әрі қиындатып отыр. Мамандардың сөзінше, Афина дефолт жариялауы немесе еуроаймақ құрамынан шығуы мүмкін.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024