Грекия президенті Прокопис Павлопулос елдің Жоғары сотының төрағасы Василика Тану-Хрестофилді премьер-министрдің міндетін атқарушы ретінде бекітіп, оған уақытша ел үкіметін қалыптастыруды тапсырды. Бұл туралы Рейтер хабарлайды.
Тану-Хрестофил грекиялық үкіметтің басшысы қызметіне отыратын алғашқы әйел болмақ. Ол 27 тамызда ант қабылдады. Грекия Конститутциясы бойынша, Жоғары соттың төрағасы үкімет отставкаға кетіп, кезекті сайлау болғанға дейін премьер-министрдің қызметіне болады. Еске салайық, тамыздың басында үшінші қаржыландыру көмегінен экс премьер Алексис Ципрастың көптеген қолдаушылары бас тартты. Нәтижесінде басқарушы коалция парламенттегі басымдылығынан айырылып, премьердің өзі отставкаға кетуге мәжбүр болды. Грекиялық сарапшылардың атап өтуінше, Панайотис Лафазанистің жаңа кабинет қалыптастырудағы жаңа талпынысы осы жолғы соңғы мүмкіндік болмақ. Егер үш күн ішінде қолынан келмесе, техникалық үкімет бекітіліп, мерзімінен тыс сайлау өтеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024