Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас Афин мен халықаралық несиегерлер жақын арада ымыраға келетіндігіне сенімді екенін айтты.
Алдын-ала келісім тіпті осы аптаның аяғында жасалуы мүмкін деді ол Star TV телеарнасына берген сұхбатында.
А.Ципрастың айтуынша, 9 мамырға таман тараптар келісімдерге қатысты барлық қарама-қайшылықтарды жоюы мүмкін.
Халықаралық несиегерлер қаржылық көмекке айырбас ретінде Грекиядан қатаң экономика бағытын жалғастыруды талап етіп отыр. Ал Грекия билігі несиегерлер талап етіп отырған реформалар елдегі экономикалық жағдайды тек ушықтыра түседі деп есептейді.
Бұған дейін Грекия халықаралық несиегерлермен жаңа келісім жасалғанға дейін көмек бағдарламалары бойынша тағы 7,2 млрд еуро көлеміндегі қаржыландырудың жалғастырылуы бойынша келісімге қол жеткізуге талпынған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024