Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Грекиялық банктер апта соңына дейін жабық тұрады

Грекиялық банктер апта соңына дейін жабық тұрады

Грекия билігі елдегі "банк демалысын" әлі соза түсу қажет деп тапты. Банктер шілденің 13-не дейін жабық тұрады, банкоматтан күніне тек 60 еуро алуға болады деген шектеу де жалғасады деп жазады ВВС.

Бұл шектеулер Афинаның халықаралық несие берушілермен келіссөздері тығырыққа тіреліп, Еуропалық орталық банк Грекия Банкіне қаржылай көмек көлемін ұлғайтпау туралы шешім қабылдағаннан кейін енгізілген еді.

Дегенмен Грекия билігі қажетті азық-түлік және жанармай қоры бар екендігіне сендіріп, ел тұрғындары мен туристерді дүрбелеңге еріп кетпеуге шақырды. Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас еуроодақ елдеріне жаңа "шынайы жоспар" ұсынатындығын мәлімдеді. Жексенбі күні грекиялық дағдарыс барлық 28 ел қатысатын Еуроодақтың төтенше саммитінде талқыланады. Осыған дейін Еуропалық кеңестің президенті Дональд Туск еуроаймақ "тарихындағы ең сындарлы сәтті бастан кешіріп жатыр" деді. Оның сөзінше, афиналықтар үшін соңғы дедлайн осы апта деп белгіленген.

Егер Грекия билігі қаржылай көмекті созу туралы бағдарлама жөнінде келісе алмаса,  Афина дефолт жариялап, еуроаймақтан шығуына тура келеді.

Похожие материалы