Грекия экономикалық жағдайын реттеу үшін еуроаймақта қалады. Bloomberg агенттігінің сауалнамасына жауап берген экономистердің 81%-ы осылай деп есептейді.
Ал респонденттердің 69%-ы егер Грекия еуроаймақтан шықса, жағдайы одан да ауырлап кетеді деп есептейді. Мамандардың 80 пайызының пікірінше, дүйсенбіден бастап жұмысын тоқтатқан грек банктері жоспарлағандай 7 шілдеде емес ай соңында ғана ашылады. Сұралғандардың 40 пайызы ғана грекиялық салымшыларға қатысты 2013 жылы Кипрде болғандай шаралар енгізіледі деген пікірде. Ол кезде елді қарыз дағдарысынан құтқару үшін ірі салымшылардың жинағының жартысы өшірілген еді. Респонденттердің төрттен бірі Грекияның проблемалары еуроаймақтағы экономиканың өсуіне кері әсерін тигізеді деп есептейді. Айта кетейік, Грекия Халықаралық валюталық қорға (ХВҚ) 1,54 млрд еуро көлеміндегі қарызын төлей алмай, дефолтқа ұшырады. Ақша 1 шілдеге дейін аударылуы қажет еді. ХВҚ ақшаның белгіленген уақытта аударылмағандығын растады. Қордың атап өтуінше, Грекия дамыған экономикасымен дефолтқа ұшыраған бірінші ел болып табылады. Олардың айтуынша, Афина қарыз төлеу мерзімін ұзартуды сұрап отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024