Ципрас бұл шешімін халыққа жасаған телеүндеуі кезінде мәлімдеген еді.
"Несие берушілермен келіссөздердің қиын кезеңі артта қалды, мен үкімет жасаған жұмыс үшін халық алдында моральдық, саяси жауапкершілікті сезінемін, -деді ол.-Үндеуден кейін мен бірден президентке өзімнің және үкіметтің отставкаға кететіні туралы өтініш беремін. Сіз енді елді қиын, бірақ үміт сыйлайтын болашаққа кімнің бастайтыны шешуіңіз керек".
Еске сала кетейік, Алексис Ципрас соңғы 150 жылда Грекияны басқарған ең жас премьер. Әрі елдегі ауыр экономикалық дағдарыс кезінде басқарған Үкімет басшысы ретінде белгілі.
Жақында Еуропалық тұрақтындыру механизмі (ESM) Грекияға қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Енді гректер үш жыл бойы €86 млрд көмек алады. Мұның қайтарымы ретінде Грекия бірқатар экономикалық реформаларды жүзеге асыруы керек. Елдің Қаржы министрлігі хабарлағандай €13 млрд көлеміндегі көмектің алғашқы траншына бүгін қол жеткізеді.
Ципарис енді кезектен тыс парламент сайлауына қатысады. Грек БАҚ-ның хабарлауынша сайлау 20 қыркүйек күні өтуі мүмкін.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024