Григорий Марченко әзербайжандық банктің акционері атанды. Бұл туарлы Trend News Agency агенттігі хабарлайды.
Сонымен әзербайжандық AGBank-тің бақылау кеңесінің құрамына жақында ғана кірген ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Григорий Марченконың акциялық үлесі 8,3%-ды құрады.
Сондай-ақ, банктің бақылау кеңесінің төрағасы әзербайжандық Чингиз Асадуллаев банктегі акционерлік капиталдағы үлесін 23,27%-дан 31,68%-ға дейін арттырды.
Банк сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, банктегі басқа да акционерлердің үлесі де өзгеріске ұшырады. Халықаралық қаржы корпорациясының үлесі 17,5%-дан 4,28%-ға, «Казимир Партнерс» компаниясының үлесі 10%-дан 2,45%-ға төмендеді.
Сәуір айында AGBank акционерлерінің жиналысында банктің бақылау кеңесінің құрамына Чингиз Асадуллаев, Фарзулла Юсифов, Григорий Марченко, Азер Мовсумов кірген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024