Грузия билігі Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына (ЕАҚС) Ресейге қарсы талап арызын бағыттады. Грузия 2006 жылы грузиндерді Ресейден жер аудартуы салдарынан болған "моральдық залал" үшін өтемақы ретінде Ресейден 70 млн еуроны өндіріп алуды талап етуде.
ЕАҚС-қа жүгіну туралы мәлімдеме Грузия әділет министрлігінің сайтында жарияланған, бұл мәлімдемеде Тбилиси грузиндердің Ресейден жаппай отанына жер аудартқаны үшін РФ-дан 70 млн 320 мың еуро талап етіп отырғаны жазылған. 2006 жылы Грузияда тыңшылық жасады деген айыппен РФ Бас тергеу басқармасының бірнеше қызметкері тұтқындалды. Қарсы шара ретінде Ресей өз аумағында заңсыз, яғни тиісті визаларсыз тұрып жатқан 2 380 грузин азаматын отанына қайтарды. ЕАҚС тараптарға өтемақы төлеу туралы талапты ұсыну немесе шағым жасау үшін 12 ай уақыт беретінін мәлімдеген-тін. Айта кететін жайт, 2015 жылдың 1 маусымында Ресей билігі РФ Конституциясы халықаралық заңдардан жоғары деген ресми мәлімдемесін жасаған болатын. Конституциялық соттағы РФ президентінің өкілі Михаил Кротов ЕАҚС шешімдері РФ Конституциялық кеңесінің шешімдерінен басым бола алмайтынын атап өтті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024