Гурбангулы Бердімұхамедовке сүйікті жылқысына арналған жаңа ескерткіштің жобасы ұсынылды
Түрікменстан. 14 маусым. 7kun.kz – Түрікменстанның Ахал уәлаятында салынып жатқан жаңа қаланың орталығында Акханға (жылқы) ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды 7kun.kz «Хроника Туркменистана-ға» сілтеме жасап.
Жергілікті ахалтеке тұқымының Акхан жылқысын Түркіменстанның бұрынғы президенті және қазіргі парламентінің жоғарғы палатасының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов өзі мінген. Ол кеше жаңа қаланың құрылыс алаңдарын аралап, Акхан ескерткішінің жаңа жобасына баға берді.
Сондай-ақ, экс-президент көше қоршауларының, кәріз құдықтарының және болашақ цирктің жобасын бекітті. Бердімұхамедов қала құрылысына мемлекеттік сәулет-құрылыс институтында оқып жатқан жаңа жобалаушыларды кеңінен тартуды тапсырды.
Гурбангулы Бердімұхамедовтің есімі жаңа қалада салынуы жоспарланған балаларға арналған қайырымдылық қорына беріледі. Қаланың орталық ғимараттары Вьетнамнан әкелінген мәрмәрмен қапталады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024