Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – Хакерлер әлем бойынша 40 мың адамды тақырға отырғызып, олардың 100 млн доллардан астам ақшасын ұрлаған, - деп хабарлайды Atameken Business.
Киберқылмыспен күресетін халықаралық топ осы оқиғадан кейін оларға қарсы қорғанысты күшейтуге кірісті. Алаяқтар арнайы GozNym /Гозним/деп аталатын бағдарламаны қолдану арқылы онлайн-банктердің жүйесіне еніп, жеке тұлғалардың құпия сөздеріне қол жеткізген. Күдіктілер – Грузия, Украина, Молдова және АҚШ азаматтары. Олар кінәсін әлі мойындаған жоқ.
Еуро одақтың құқық қорғаушылары аталған хакерлердің сыбайластары арасында Ресейдің де 5 тұрғыны бар деп отыр. Бірақ олар әлі қолға түскен жоқ.
«Алаяқтар 5 мемлекеттің тұрғындарының млн-даған долларын үптеп кетті. Олардың арасында АҚШ пен Еуропа елдерінің қаржы институттары, заңды және жеке тұлғалар да бар. Қылмысты әшкерелеуге бірнеше елдің құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты», – дейді Пенсильвания штатының прокуроры Скотт Брейди.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024