Алматы. 5 шілде. 7kun.kz - Халық банк Қазкоммерцбанктің 96,81% қарапайым акциясын сатып алуды аяқтады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
«2017 жылдың 15 маусымындағы сатып-алу келісім-шартына сәйкес «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Қазкоммерцбанктің 96,81% қарапайым акциясын (К.Рақышевтан (86,09%) және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (10,72%) сатып алды», делінген хабарламада. Айта кетейік К.Рақышев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өздеріне тиеселі акциялар пакетін 1 теңгеге сатуға келіскен еді.
Мәміленің аяқталуы алдын ала бірқатар шарттар орындалғаннан кейін өз мәресіне жетті, соның ішінде:
- Халық банк және ҚР Ұлттық банкі тарапынан кешенді тексерістің жүргізілуінің аяқталуы;
- Субханбердин мырза және Орталық-Азия Инвестициялық Компаниясы иелік ететін Қазкоммерцбанк АҚ акциялар пакетін Рақышев мырза сатып алуы;
- Қазкоммерцбанк алдындағы БТА Банкінің толық қарызының өтеуі;
- Қазақстандағы тиісті реттеуші органдар және белгілі бір басқа да құзіретті орындардан стандартты реттеуші мақұлдамасын алуы;
- 2014 жылғы келісім бойынша Қазкоммерцбанк "Самұрық-Қазына" алдындағы БТА акциялары үшін 41 млрд. теңге қарызын өтеуі.
Ұлттық Банк келісімімен, Халық банк Казкоммерцбанк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін салыстыруға болатын қазақстандық банктер ұстанатын мәндерге сай келтіру үшін Казкоммерцбанкті 185 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыратыны жоспарланып отыр.
Halyk group туралы Қазақстандағы жетекші қаржылық топ, бөлшек сауданы қоса алғанда, шағын және орта бизнес, корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік және активтерді басқару сынды әртүрлі сегменттерде қызмет атқарушы. 5,201.1 млрд. тенгеге тең активтерді иелене отырып, Халық банкі жеке меншік капиталы және активтер мөлшері бойынша коммерциялық банк болып табылады. Halyk group сондай-ақ Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда қызмет атқарады. Халық банк 1998 жылдан бастап Қазақстан Қор Биржасында және 2006 жылдан бастап Лондон Қор нарығында құнды қағаздар қатарына қосылды. Халық банкі ірі клиенттер базасы мен таралу желісі – еліміз бойынша 506 филиал мен бөлімшелері бар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024