Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz – Халық банкінің директорлар кеңесі Қазкоммерцбанкпен бірігуді кезең-кезеңімен жүзеге асыруды мақұлдады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Бірігудің нәтижесінде бір ғана Халық банк болады.
«Халықаралық кеңесшілермен біріккен алты айлық ауыр жұмыстан кейін біз бірігудің әлеуеті көлемі жағынан да, Қазақстан экономикасына және бұған қатысы бар елдер үшін де ауқымды екендігін біз сеніммен айта аламыз. Банктердің бірігуі топтың ары қарай дамуының ең тиімді нұсқасы», - дейді бұл оқиға туралы Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.
Қазкоммерцбанкті Халық банкіне қосу бірқатар үрдістерден өтіп, Ұлттық банк келісім бергеннен кейін жүзеге асады. Бұл үшін алдымен екі қаржы институтының сервистік және технологиялық дайындығы жасалуы тиіс. Бұған өнімдер, банктік үрдістер мен ІТ жүйенің және банктік инфрақұрылымның бірігуі кіреді.
«Бірігу кезінде екі банктің барлық қызметінің үзіліссіз жұмыс істеуіне басымдылық беріледі», делінген банктің баспасөз хабарламасында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024