Астана. 30 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылдың 4 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 80741 теңгені құрады. Бұл 2015 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 10,7 пайызға көп. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
2016 жылдың 4 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша жоғары мәні Атырау облысында байқалып отыр, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,7 есеге артқаны байқалды.
Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 53,0-58,9 пайызға төмен.
2016 жылдың 4 тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 3,3 есені құрады (2015 жылғы 4 тоқсанда – 4,2 есе).
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024