Алматы. 25-қаңтар. 7kun.kz — Депозиттердің жалпы көлемі 2017 жылы 17,5 трлн теңге болды. Жоғарыда аталған Казкоммерцбанкті, RBK банкті және Дельта банкті есептемегенде, депозиттердің өсуі 1,5 пайыз деп бағаланады. Бұл туралы Алматы қаласындағы баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы айтып берді.
Д. Ақышев теңгемен депозиттердің өсуінің негізгі қозғаушы күші халықтың теңгемен депозиттері болғанын, олар бір жылда 30,7 пайызға, 912 млрд теңгеге өскенін атап өтті.
«Осы өзгерістер нәтижесінде долларлану деңгейі 2016 жылғы желтоқсандағы 54,5 пайыздан 2017 жылдың соңында 47,7 пайызға дейін, заңды тұлғалар депозиттерінің долларлануы 48,7 пайыздан 43,8 пайызға дейін, халықтікі 62 пайыздан 52,2 пайызға дейін төмендеді», - деді Д. Ақышев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024