
Halyk Bank Қазақстанның Ұлттық Банкі бастамашы болған активтер сапасын бағалаудан (AQR) сенімді түрде өтті, деп хабарлады қаржы институты.
Банктің хабарлауынша AQR нәтижелері Halyk Bank-тің өсу және даму стратегиясының дұрыстығын тағы да растады.
Банк бұдан бөлек халықаралық рейтингтер де баланс сапасы бойынша Банктің позициясын жоғары бағалады деп отыр.
2019 жылғы 4 желтоқсанда Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Halyk Bank-тің ұзақ мерзімді эмитент дефолты рейтингісін («ЭДР») позитивті болжаммен «BB» деңгейінен «BB+» деңгейіне дейін көтерді. Сондай-ақ Банктің қаржылық тұрақтылығы рейтингісі де «bb+» (Viability Rating) деңгейіне дейін көтерілді. Қаржылық тұрақтылық рейтингісі Банктің сыртқы қолдауды ескерусіз (соло негізде) рейтингісін көрсетеді.