Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - "Қазақстанның Халық банкі" АҚ "Қазақстандағы үздік банк" аталымына ие болды. Бұл туралы Global Finance АО халықаралық журналының жыл сайынғы "Ғаламдық үздік банктер" премиясында белгілі болды.
Global Finance редакторлары жеңіпаздарды қаржылық көрсеткіштеріне қарай таңдалды. Олардың активтері мен табыстарының өсімі, сондай-ақ жаңа өнімдерді жасау мен тұтынушыға арналған қызметтері бағаланды. Сонымен қатар, тәуелсіз сарапшылар мен корпоративті қаржы мамандардың да пікірлері ескерілді.
Одан бөлек, басылым өз оқырмандары арасында сауалнама жүргізді. Күрделі қаржы талаптарында жақсы нәтиже көрсеткен банктер жеңімпаз атанды.
"Қазақстанның Халық банкі" АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың сөзінше, "Бұл марапат - біздің жұмысымыздың нәтижесі. Сонымен қатар, қаржылық позициямыздың мықтылығы мен дұрыс таңдалған даму стратегиясын көрсетеді. Global Finance-тың шешімі Қазақстан Халық банкінің ары қарай дамуына қосымша стимул".
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024