Алматы. 20 қараша. 7kun.kz – Халық Банкі 9 айда 164 млрд теңге таза пайда тапты. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан Халық банкі» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.
«Халық Банк ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында Қазкоммерцбанкпен бірігу күрделі процесті сәтті аяқтап, айтулы межеден өтті. Біріктірілген қаржы институтының алғашқы шоғырландырылған нәтижелері бизнесіміздің ұлғаюының, сондай-ақ бірігудің нәтижесінде жоспарланған барлық мақсаттарға қол жеткізудің айғағы болып табылады. Бүгінгі күні біріктірілген Халық банк – Қазақстанда нарықтың шамасы 34%-на ие ең ірі қаржы институты. Процестің айтқысыз күрделілігіне қарамастан, техникалық жағынан да, сондай-ақ ұйымдастыру жағынан да банктерді біріктіру жалпы алғанда сәтті өтті – 11 миллион шот, 9,9 миллион клиент пен 9 миллион төлем карталары бойынша деректер түгел 100%-ы ортақ базаға көшірілді.
Сонымен қатар, Халық Банк отандық банктердің арасында ең жоғары рейтингті сақтап қалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024